Маңғыстау облысында апат салдарынан үш адам қаза тауып, тоғызы жараланды
Маңғыстау облысында Ақтау-Құрық тас жолының 32-шақырымында 12-желтоқсанда 18 сағат 30 минутта "ПАЗ-32051" автобусы мен "ВАЗ-21013" автокөлігінің жүргізушілері жол үсті жақсы көрінбеуі салдарынан жол шетінде тұрған "КрАЗ" трейлерімен соқтығысып қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Агенттік ақпаратына сәйкес, апат салдарынан екі жүргізуші мен "ПАЗ-32051" автобусының бір жолаушысы оқиға орнында мерт болып, тоғыз адам ауруханаға түсті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін