Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, су жүйелері орнатылған ауылдық жерлерде ауыз сумен қамтамасыз етуге 12 млн. теңге көлемінде жәрдемақы қарастырылған. 1 қазандағы жағдайда оның 8,7 млн. теңгесі немесе 73% игерілді.
Қ.Көшербаев, «Ауыз су» бағдарламасы аясында Бейнеу ауданы Боранкүл, Есет және Төлеп ауылдарында су беру жүйесі түгел орнатылғанын айтты. Қарақиян ауданы Сенек және Құланды ауылдарында су тазарту жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде,-деді ол.
Жуық арада Құйылыс кен орнынан Қызылтөбе ауылының су құбыры сорғы станциясына дейін техникалық су құбыры іске қосылады
Су беру жүйесінің және магистралды су құбырларының құрылыстары 13 елді мекенде жүргізілуде. «Бұл қосымша 27 мың адамды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және сумен қамтамасыз ету деңгейін 96% арттырады»,-деді облыс әкімі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті