Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, 15-тамызда Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті су полициясының қызметкерлері Түпқараған ауданының Сарытас деген жерінде бекіре тұқымды балықтарды заңсыз аулаған Ақтау тұрғынын ұстады. Еш жерде жұмыс істемейтін тұрғыннан бекіре тұқымдас 6 балық, аулар мен екі орынға есептелген резеңке қайық тәркіленді.
Шығын көлемі 109 237 теңгені құрайды. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде.