Маңғыстаулық полицейлер Түпқараған ауданында жүргізген рейд барысында жол талғамайтын көліктеріне бекіре балығын тиеген броконьерлерді ұстады, деп хабарлайды Хабар 24.
Алғашқы көлік Қызылөзен ауылы маңында тоқтатылған. «УАЗ» көлігінің жүк салғышынан 24 балық табылған. Екінші көлік «Мерет» деп аталатын жерде құзырлы орган мамандарының назарына іліккен. Одан 11 балық тәркіленіпті. Алайда қолға түскен күдіктілер өздеріне тағылған айыпты мойындамай отыр. Қазір осы деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
— Қазіргі таңда ҚР қылмыстық Кодексінің 339-бабымен сотқы дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қолға түскен күдіктілердің Түпқараған ауданының тұрғындары екені анықталып отыр, — дейді АҚІІБ ЖПС табиғат қорғау полиция бөлімінің инспекторы Нұрбол Бақтыбай.