Маңғыстау облысында экономикалық қылмыстар саны 80 процентке артты - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
0 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында экономикалық қылмыстар саны 80 процентке артты

Маңғыстау облысында экономикалық қылмыстар саны 80 процентке артты

2005-жылдың 6 айында Маңғыстау облысында экономикалық бағытта 118 қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 80 процентке артық. Бұл туралы Маңғыстау облыстық прокуратурасының жанындағы құқықтық статистика және ақпараттар орталығынан хабарлады.

  • 19 Шiлде 2005
  • 495
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, облыстағы құқық қорғау мекемелері сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу немесе иемденіп алуға қатысты 22 деректің бетін ашты. Бұл 2004-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 81,5 процентке тең.

Сонымен бірге экономикалық контрабандаға қатысты 11 (37,5%), пара алуға қатысты 6 (75%) дерек әшкереленді.
Жалпы алғанда облыс бойынша тіркелген қылмыстанр саны әрбір 10 мың тұрғынға шаққанда 41 болды. Ең жоғары көрсеткіш (46) Ақтауда, ең төмен көрсеткіш (13) Маңғыстау ауданында тіркелді.
Биылғы жылдың 6 айында 2004-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда есірткіге қатысты қылмыстардың жалпы саны 16,5 процентке артты. Есірткілік немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау және сату үшін жіберуге байланысты қылмыстардың саны 26,5 процентке артып, осындай 86 оқиға тіркелді.
Жылдың алғашқы жартысында облыстағы құқық қорғау мекемелері қылмыстарға қатысы бар 1145 адамды ұстады (2004-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 12,7 процентке артық). Қылмысы әшкереленген адамдардың 15,2 проценті кәмелеттік жасқа жетпегендер, 10 проценті әйелдер. Бұрындары қылмыс жасаған адамдардың үлес салмағы 7 процент болды. 2004-жылы бұл көрсеткіш 9,3 процентті құраған.
Облыс бойынша орта есеппен әрбір он төртінші қылмыс қоғамдық орындар мен көшелерде жасалды.

Перейти к новостям спорта