Маңғыстау облысында ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандар даярланады - kaz.caravan.kz
  • $ 495.95
  • 524.37
-7 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандар даярланады

Маңғыстау облысында ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандар даярланады

«Өркениет келешек» қоғамдық қоры Маңғыстау облысында 6 жылдан бері ерекше қажеттілігі бар балалармен айналысып, инклюзивті білім беруді дамытып, оларды оңалтып, түзету жұмыстарын жүргізеді.

  • 2 Маусым 2022
  • 5
Фото - Caravan.kz

Қор өкілдері өңірде 8 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі баланың барын айтады. Инклюзивті білім беру тиісті деңгейде дамымағандықтан, олардың дені мектепке бармайды. Түзету дағдысын толық білмесе де, балалар амалсыз ата-аналарымен қалады. Ал балаларды оңалтуға тұрақты ем-шаралар қажет.

Қазіргі таңда аймақтағы түзету орталықтары барлық балаға қызмет көрсетіп, жүйелі түрде оңалту мен түзету жұмыстарын жүргізе алмайды.
Осылайша, ерекше балалардың түзету жұмысының сапасын арттырып, сондай баласы бар отбасыларға көмек көрсетуге арналған жобаны құру идеясы пайда болды. Бұған коммерциялық емес ұйым қызметкерлерінің пікірінше, балалармен жұмыс істейтін мамандарды оқыту керек.

«Өркениет келешек» ҚҚ «Үйлесімді даму және бақытты балалық шақ – заманауи әлемнің басты басымдығы» әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде он жеңімпаздың бірі атанып, «Ерекше мамандар мен ерекше ата-аналар – дені сау балалар!» жобасын жүзеге асыруға Нұрсұлтан Назарбаев Қорынан грант алды. 

Жоба аясында логопедтер, дефектологтар, психологтар, бейімделген дене шынықтыру мамандары үш тренингке қатысып, дамыту сабағын өткізу үшін жаңа біліммен сусындап, әдістемелерді үйренеді. Қазір 100 маманды оқыту көзделіп отыр. 


Тыңдаушылар кәсіби біліктілігін арттырып, балалардың қажеттілігін диагностикалап, жұмыс әдістерін таңдап, түзету жұмысын жақсартады деп күтіліп отыр. Сосын үйде балаларды оңалту үшін ата-аналарды оқытады.

Бұл жобаның дамуы мен нәтижесі туралы алдағы уақытта арнайы тоқталамыз.