Маңғыстау облысында кәсіби жұмыс күші тапшылығы сезілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында кәсіби жұмыс күші тапшылығы сезілуде

Маңғыстау облысында кәсіби жұмыс күші тапшылығы сезілуде

Жалақының жоғарылығына қарамастан (мұнайгаз өнеркәсібіндегі орташа айлық жалақы 63 мың теңгені құрайды) Маңғыстау облысында кәсіби жұмыс күші тапшылығы сезілуде. Бұл туралы облыстағы индустриялық-инновациялық даму стратегиясына арналған семинар-кеңесте облыс әкімінің орынбасары Асқар Қасабеков хабарлады,- дейді KZ-today тілшісі.

  • 9 Наурыз 2004
  • 650
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен ресми түрде тіркелген бос жұмыс орны 800-ді құрайды. Арнайы рұқсатпен жұмыс істеп жатқан 791 шетел азаматы бар. Ал облыс бойынша тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 3000 адамға жуық. Алайда, А.Қасабековтың айтуынша, олардың 61 процентінің арнаулы мамандығы болмаса, қалғандарының кәсіби дайындық деңгейі төмен.

Проблеманы жарым-жартылай болса да шешу үшін таяу уақыттарда облыс әкімі жұмыс берушілермен келісімге қол қоймақшы. Келісім бойынша жұмыс берушілер студенттер, оқушылар мен басқа да адамдарды сынақтан өткізу мүмкіндігімен қамтамасыз ету, бос жұмыс орындарының 10 процентіне жұмыс өтілі жоқ адамдарды қабылдау туралы міндеттеме жүктеп алады.
2004-2006-жылдар аралығында халықты жұмыспен қамту саясаты еңбек нарығындағы ауыр ахуалды сәл де болса жеңілдетеді деп күтілуде. Мұнайгаз және химия өнеркәсібі, көлік және байланыс, құрылыс және шағын кәсіпкерлік саласында, сондай-ақ, шетелдік жұмыс берушілердің мүмкіндігін пайдалану арқылы жаңа өндірістер құру, жұмыссыз тұрған кәсіпорындарды қайтадан іске қосу және жұмыс істеп тұрғандарының аясын кеңейту жолымен жаңа жұмыс орындарын құру көзделіп отыр.
2003-жылы 4927 жаңа жұмыс орны құрылды, қоғамдық жұмыстарға 4110 адам жұмылдырылды. 3 мыңнан астам жергілікті мамандар шетелдік жұмыс күшін пайдаланып отырған компаниялардың есебінен кәсіби шеберлігін шыңдады. 53 шетелдік маман жергілікті мамандармен алмастырылды.
Облыстық статистикалық басқарма мәліметіне сәйкес, 2003-жылы жұмыссыздар саны 1,5 процентке кеміді.

Соңғы жаңалықтар