Жарияланды: 380

Маңғыстау облысында кедендік рәсімдеуден өткен 70 автокөлік өз иелерін күтуде

Маңғыстау облысында кедендік рәсімдеуден өткен 70 автокөлік өз иелерін күтуде, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Игорь Тен.

«Маңғыстау облысында бір проблема анықталды, бұл – тасымалдаушылардың автокөлік құралдары иелерінің - қазақстандықтардың тағдырына бейберекет, селқос қарауы. Бұл қалай көрініс тауып отыр? Маңғыстау облысында 60-40 көлік тұр. Құжаттар бойынша иелері бар, бірақ көліктерді алып кетуге ешкім келмей жатыр», - деді И. Тен дүйсенбі күні брифингте. Оның жорамалына сәйкес, көлік иелеріне олардың автокөліктері Қазақстан аумағына жеткізілгені туралы хабарланбаған. «Бұл машиналардың мәліметтерін порталға жарияладық, сондықтан көліктері осы жолмен келе жатқан азаматтардың барлығын ол мәліметтерді қарап шығуды өтінеміз. Порталда аты-жөні мен кодтары жазылған», - деді И. Тен. Бұрын хабарланғандаәй, ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің сайтында БАӘ, Әзербайжан. Иран, Грузия елдерінен әкелінген көліктердің тізімі және олардың рәсімдеу үшін «Морпорт» немесе «Ақтау – кедендік рәсімдеу орталығы» кедендік бекеттеріне келмеген жеке тұлғалардың тізімі жарияланған болатын. Еске сала кетейік, 20 маусымда ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев шекарада тұрған көліктердің бәрі рәсімделетінін айтқан. Бұл үшін кедендік бекеттердің штаты арттырылып, тәулік бойғы жұмыс кестесі енгізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін