Маңғыстау облысында малға төлқұжат тарату жұмысы жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында малға төлқұжат тарату жұмысы жүргізілуде

Маңғыстау облысында малға төлқұжат тарату жұмысы жүргізілуде

Маңғыстау облысында мекемелік қарастылығына қарамастан барлық малға төлқұжат тарату және оларды идентификациялау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Маңғыстау облыстық мал шаруашылығы басқармасынан хабарлады.

  • 11 Ақпан 2004
  • 546
Фото - Caravan.kz

Басқарма мәліметіне сәйкес, шара қарсаңында халық арасында осындай шараның қажеттігі туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Малды төлқұжаттандыру шарасы мал саны туралы нақты мәліметтер алуға мүмкіндік тудыру арқылы аудандық және ауылдық әкімдердің, сондай-ақ, мал дәрігерлерінің жұмыс тиімділігін арттырады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2004-жылдың 1-ақпанындағы жағдаймен облыста 375300 қой және ешкі, 29700 түйе, 26100 жылқы, 6 мың ірі қара мал мен 1500 шошқа саналған. Облыстағы нақты мал саны идентификация және төлқұжат беру шараларынан кейін нақты белгілі болмақ.
Малды идентификациялау және төлқұжат беру шараларына қалалық, аудандық, ауылдық әкімшіліктер, мал дәрігерлері, ірі шаруашылық субьектілерінің басшылары мен мал қожайындары жұмылдырылған. Нәтижесінде әр малға ен-таңба, белгі немесе номері бар татуировка салынып, мал туралы және оның денсаулығы туралы барлық мәліметтер жазылған арнаулы төлқұжатпен қамтамасыз етіледі. Төлқұжатқа жазылған мәліметтер мал ауырған жағдайда мал дәрігерлеріне дер кезінде шара қолдануға және жалпы аурудың алдын алуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар