Маңғыстау облысында обаның табиғи ошақтарына мониторинг жүргізу жұмысы аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында обаның табиғи ошақтарына мониторинг жүргізу жұмысы аяқталды

Маңғыстау облысында обаның табиғи ошақтарына мониторинг жүргізу жұмысы аяқталды

Маңғыстау облыстық обаға қарсы күрес станциясының эпидемияға қарсы отрядтары сәуір айында басталған обаның табиғи ошақтарына мониторинг жүргізу жұмысын аяқтады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Маңғыстау облыстық обаға қарсы күрес станциясының бастығы Валерий Косовцев хабарлады.

  • 16 Шiлде 2004
  • 979
Фото - Caravan.kz

В.Косовцевтің хабарлауынша, Маңғыстау облыстық обаға қарсы күрес станциясының мамандары жалпы аумағы 6,1 мың шаршы шақырымдық аумаққа зерттеулер жүргізді. Эпизоотиялық зерттеулер нәтижесінде оба эпизоотиясы 1200 шаршы шақырымда анықталды. Кеміргіштер мен олардың паразиттері болып табылатын бүргеден оба микробының 117 штаммы алынды.

Оның айтуынша, зерттеулер нәтижесінде Маңғыстау ауданы аумағында, Қарақия ауданы Тасболат елді мекені мен Жаңаөзен қаласының маңында обаға қатысты күрделі ахуал қалыптасып отырғаны анықталды.
В.Косовцевтің хабарлауынша, сондай-ақ, мониторинг нәтижесінде Бейнеу ауданындағы кей жерлерде оба ошақтары анықталды. Ералиев ауданындағы эпизоотиялық ахуал бірқалыпты деп танылды. Таушық ауылын қоспағанда, Түпқараған ауданында да ахуал тұрақты.
В.Косовцевтің айтуынша, жалпы алғанда қазір обаға қатысты ахуал салыстырмалы түрде тұрақты деп саналуда.
230 мың тұрғыны бар Маңғыстау облысының шөлейт аумағы -Орталық Азиядағы обаның табиғи ошағына жататын аймақ. Бұл аймақ эпизоотикалық процестердің белсенділігімен және республика бойынша үлкен аумақты иемденетіндігімен ерекшеленеді. 2002-жылы облыс шекаралары шеңберінде 6800 шаршы шақырым жерде оба ошағы анықталды. Кеміргіштер мен бүргеден оба микробының 141 штаммы бөліп алынды.
Былтыр облыстағы эпизоотикалық зерттеу нәтижесінде Маңғыстау облыстық обаға қарсы күрес станциясы кеміргіштер арасында эпизоотиялы 6 учаскені анықтады. Зарарлы аумақ 600 шаршы шақырымды құрады.

Перейти к новостям спорта