Caravan Logo

Маңғыстау облысында қаңғыбас иттер адамның қолын алып келген

Маңғыстау облысында қаңғыбас иттер адамның қолын алып келген

Оқиға Қарақиян ауданы Құрық кентінен 37 шақырымдағы «Ракушечное» кен орнында орын алған. «КаспийОйлГаз» компаниясының жатақханасына қаңғыбас иттер адамның оң қолының төменгі бөлігін алып келген. Жантүршігерлік жағдайды көрген жұмыскерлер полицияға хабар берген.

Оқииға орнына тергеу жедел тобы іздеу шараларын жүргізді, сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.