Маңғыстау облысында «Қаражамбастағы» жағдайды реттеу үшін жұмыс комиссиясы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында «Қаражамбастағы» жағдайды реттеу үшін жұмыс комиссиясы құрылды

Маңғыстау облысында «Қаражамбастағы» жағдайды реттеу үшін жұмыс комиссиясы құрылды

Маңғыстау облысының әкімдігі және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Қаражамбасмұнай» АҚ-ындағы жағдайды реттеу үшін жұмыс комиссиясын құрды, деп хабарлайды жұма күні облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

  • 15 Шiлде 2011
  • 580
Фото - Caravan.kz

«Қалыптасқан жағдайды қысқа мерзімде реттеу мақсатында Маңғыстау облысы әкімдігінің және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның жұмыс комиссиясын құру туралы шешім қабылданды, оның облыс әкімінің бірінші орынбасары Аманкелді Айтқұлов басқарады», — делінген ақпаратта.

Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, комиссияның құрамына жұмыс беруші компанияның, жұмыскерлердің мүдделеріне өкілеттік ететін кәсіподақ және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді.

Сондай-ақ, комиссияның жұмысы кезінде жұмысшыларды жұмыстан шығаруға мораторий енгізу туралы шешім қабылданды, бұл кезеңде кәсіпорындардың жұмыскерлері жұмысқа шығып, еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан шығарылғандар қайтадан жұмысқа қабылдау үшін жұмыс берушіге өтініш жаза алады. Комиссия азаматтардың шағымдарын объективті қарау мақсатында жұмыстан шығарылған жұмыскерлердің проблемаларын шешуге жеке тұрғыдан қарайтын болады, делінген ақпаратта.

Ақпаратта атап көрсетілгендей, комиссия құру туралы шешім бейсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың «Қаражамбасмұнай» АҚ-ның және оның еншілес ұйымдары жұмыскерлерінің өкілдерімен және олардың отбасы мүшелерімен кездесуде қабылданды. Кездесуге «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының м.а. Алик Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Асқар Балжанов қатысты.

Кездесуде «Өзенмұнайгаз» ӨФ мен «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның жоғарыда аталған кәсіпорындарында болған заңсыз наразылық акцияларына қатысушылар көтерген мәселелер талқыланды.

Соңғы жаңалықтар