Маңғыстау облысында қатты дауылдың салдарын жою үшін аудандық комиссия құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында қатты дауылдың салдарын жою үшін аудандық комиссия құрылды

Маңғыстау облысында қатты дауылдың салдарын жою үшін аудандық комиссия құрылды

Маңғыстау облысында болған қатты дауылдың салдарын жою үшін аудандық комиссия құрылды,

  • 13 Шiлде 2011
  • 469
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

11 шілде күні Маңғыстау облысында болған қатты дауыл біраз ауылға зардап әкелді. Атап айтқанда, Тұщықұдық ауылында екпіні 25-27 метр/секундқа дейін жеткен қатты желдің салдарынан 24 тұрғын үйдің шатыры, екі электр бағаны зақымданды, телефон желісі жартылай зақымданды.

Қазір электр желісі мен телефон байланысы қалпына келтірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады құтқарушылар.

Төтенше оқиғаның салдарын жоюға 6 адам, 2 техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар