Маңғыстау облысында радиациялық зерттеу жүргізіліп, Ақтау қаласының радиологиялық картасы жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында радиациялық зерттеу жүргізіліп, Ақтау қаласының радиологиялық картасы жасалды

Маңғыстау облысында радиациялық зерттеу жүргізіліп, Ақтау қаласының радиологиялық картасы жасалды

Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық Ұйымының орталығы Маңғыстау облысында радиациялық зерттеу жүргізіп, Ақтау қаласының радиологиялық картасын жасады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Маңғыстау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасынан хабарлаған.

  • 2 Маусым 2003
  • 1765
Фото - Caravan.kz

Ақтау қаласы аумағында 170 жерден жер қыртысы мен топырақ сынамасы алынып, «Волковгеология» ААҚ-ның зертханасына тексеруге жіберіліпті.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 26 учаскеде радиоактивтік фон айқындалды, оның 12-сі қала аумағында және бау-бақша серіктестіктерінде анықталып отыр.
Радиоактивтік сәуледен ластанған зоналар Маңғыстау атом Энергокомбинаты, АТЗ және тау-кен химиялық металлургиялық зауыты (ТКХМЗ) аумағында да анықталған.
Бұл аумақтардан радиация мөлшері шектеулі шамадан артық көптеген нысандар, атап айтсақ, құбырлар, арматура кесінділері, аспаптар мен механизмдердің бөлшектері табылған. Қошқар ата қоймасынан алынған сынамаларға зерттеу жасалып, олардың 95 проценті 0,1-0,5 мм-лік шаң-тозаң бөлшектері екені анықталды.
Бұл шаң-тозаңның қоршаған ортаға әсерін зерттегенде, кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймағындағы радиациялық фон 14-тен 450 есе артық екені белгілі болды.
Сирек кездесетін концентраттар қоймасының аумағындағы радиациялық фон 300000 Бк/кг , ал АТЗ және ТКХМЗ арасындағы пульпа құбырында радиация мөлшері 1100 мкР/сағ болып шыққан.
Бұл аумақтардың сырты қоршалмаған, радиациялық қауіп туралы ескерту белгілері ілінбеген.
Аталған кәсіпорындардың қазір жұмыссыз тұрғанына қарамастан зауыттардың барлық технологиялық құбыр жүйесін бойлай радиациялық ластану белгісі айқындалған.
Тау-кен химиялық металлургиялық зауытының металлдар қоймасында дозиметр көрсеткіші 3000 мкР/сағ-тан әлдеқайда асып түскен.
Өткен жылдардағы және 2003-жылғы радиометриялық зерттеулер қорытындысына қарағанда, Ақтау қаласы аумағындағы табиғи радиациялық фон 7 -12 мкР/сағатты құраған. Табиғи радионуклидтер мөлшері жоғары құрылыс материалдары мен сыртқы қаптамалық плиталарды пайдалану салдарынан қаланың кейбір аудандарында гамма-фон мөлшерінің артуы тіркелген.