Маңғыстау облысында сейсмикалық жұмыстарға қажетті 15 млн. теңгенің 6 млн.-ы бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында сейсмикалық жұмыстарға қажетті 15 млн. теңгенің 6 млн.-ы бөлінді

Маңғыстау облысында сейсмикалық жұмыстарға қажетті 15 млн. теңгенің 6 млн.-ы бөлінді

Облыс аймақтарын сейсмикалық аудандарға бөлу жұмыстарына арнап облыс әкімі Болат Палымбетов қажетті 15,5 млн. теңгенің 6 миллионын бөлді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы Қажымұрат Хайрушев хабарлады.

  • 10 Шiлде 2003
  • 926
Фото - Caravan.kz

Қазір облыс аймақтарын сейсмикалық аудандарға бөлу жұмыстарын атқару жөнінде ҚР сейсмология институтымен келісімге қол қойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар биылғы жылдың алғашқы жартысының соңында аяқталады деп межеленген.

Сейсмология институтының тапсырмасымен Қазақстанның батыс бөлігіндегі барлық облыстар сейсмикалық барлау және сейсмологиялық станциялар салу мақсатына арнап қаржы бөлуге тиіс болатын. Бүгінгі жағдаймен бұл талапты Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары ғана жарым-жартылай орындады.
Бүгінге дейін «Өзенмұнайгаз» ААҚ аймақты сейсмикалық аудандарға бөлу жұмыстарын аяқтады. Жаңаөзен қаласының аумағы мен осы өңірдегі кеніштерде сейсмикалық қауіп 6 баллды құрайды, ал Түрікменстан шекарасына таянған сайын бұл шама арта түседі.
Кеніштерде мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбалар өндіру жұмыстарының қызу жүргізілуі геологиялық ахуалды өзгерту салдарынан техногендік сипаттағы жер сілкінісі болу қаупі арта түседі. Осыған байланысты бүгінгі таңда теңіз бен құрғақтың қай-қайсысында да облыс аумақтарын сейсмикалық аудандарға бөлу талабының маңызы артып, аймақтың сейсмикалық картасын жасау қажеттігі туындап отыр.
Аумақты сейсмикалық аудандарға бөлу жұмысы аяқталғаннан кейін облыс территориясында мұнайгаз қабаттарын игеруші барлық мұнай компаниялары сейсмикалық жабдықтар мен қажетті құралдар сатып алуға тиіс. Сонымен бірге, жер қыртысындағы құбылыстарды қадағалайтын сейсмикалық бақылау станциясы салынуы қажет.
Облыс аумағын сейсмикалық аудандарға толықтай бөлу нәтижесінде сейсмикалық станциялар орналастырылатын жерлер айқындалады. Бұл станциялар Қазақстан мен оған шекаралас мемлекеттердің сейсмикалық жүйесі кешені мен ғарыштық мониторинг жүйесіне, былайша айтқанда ортақ желіге қосылғаннан кейін ғана қандай да бір сейсмикалық құбылысты қадағалау мүмкіндігі пайда болмақ.
Сейсмикалық станциялар желісі дамыған сайын жер сілкінісінің ошағын дәлме-дәл анықтау мүмкіндігі арта түседі.

Соңғы жаңалықтар