Алғашқы алауды облыс әкімі Болат Палымбетов жақты.
Облыс әкімінің айтуынша, газ құбырын тартуға облыстық бюджеттен 106 млн. теңге бөлінді. «Тұщыбек және Жыңғылды ауылы тұрғындарының табиғи газға деген сұранысына байланысты газ құбыры пайдалануға берілді. Газ құбыры болаттан құйылған»,- деді Б.Палымбетов.
«Маңғыстаугаз» мемлекеттік қазынашылық кәсірпорны гаң құбырын тартуға тапсырыс берсе, бас жобасын «Инженерный центр» ЖШС, мердігерлік жұмыстарды «СМК-4» ЖШС атқарды.
Газ құбыры қазіргі бар өнеркәсіптік және азаматтық инженерлік нысандардан қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндей арақашықтықта орналасқан.
2002-жылы ұзындығы 9,2 шақырымды құрайтын Шетпе газ құбыры салынды. Жобаның сметалық құны 201,1 млн. теңгені құрады. 2003-жылы ұзындығы 26,4 шақырымды, құны 71,4 млн. теңгені құрайтын «Шанжақ-Оңды» газ құбыры тартылып, Беки ауылы газбен қамтамасыз етілді. 2004-жылы «Қосбұлақ-Жармыш» газ құбыры тартылып, Жармыш ауылы көгілдір отынға қарық болды. Газ құбырының жалпы ұзындығы 33,5 шақырымды құрайды. Бюджеттен 78,3 млн. теңге бөлінді.
Облыс әкімінің хабарлауынша, облысты жаппай газбен қамтамасыз ету ісі 2-3 жылда аяқталады. 2004-жылы облысты газдандыру шарасына жергілікті бюжеттен 818,3 млн. теңге игерілді.