Маңғыстау облысында түйелер белгісіз аурудан қырылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында түйелер белгісіз аурудан қырылып жатыр

Маңғыстау облысында түйелер белгісіз аурудан қырылып жатыр

Өркештілер арасында тараған қандай індет екенін және оның себебін анықтауға Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары үш рет келген.

  • 27 Желтоқсан 2019
  • 50
Фото - Caravan.kz

Маңғыстау облысында атқамінерлер түйелердің қандай ауруға шалдыққанын анықтауға тырысуда. Мұнда 1100-ден астам Ойсылқара төлі белгісіз індетпен ауырған. Соның төрттен бірін мал дәрігерлері әлі де емдеп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ауру күзде алдымен Қызылсай ауылынан шыққан. Кейін індет белгілерін өзге елді мекендердегі түйе иелері байқай бастаған. Бүгінге дейін түсініксіз кесел облыстағы 7 ауданның бесеуіне тарап үлгерген. Өркештілер арасында тараған қандай індет екенін және оның себебін анықтауға Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары үш рет келген. Сараптамаға сынама алып кетіпті. Бірақ, жұқпалы ауруды анықтау мүмкін болмады.

Кеселдің алғашқы белгілері өркештілердің бәрінде бірдей. Алдымен жануарда әлсіздік пайда болады. Әрі шөп пен су ішпей қояды. Жергілікті билік қаңтарда тағы да астанадан мамандар келеді деп отыр. Ал жұрт малды қойып, өздерінің өміріне алаңдаулы. Атқамінерлер оларды сабырға шақырып отыр. Олардың айтуынша, әзірге ауру адамға жұқпаған.


"Антибиотиктермен уақытылы емделген түйелер бір аптаның ішінде толық сауығып кетеді. Бұл аурудан малдың жаппай өлімі және түйеден басқа малдардың және адамдардың ауыру фактісі болған жоқ", — деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов.

Соңғы жаңалықтар