Маңғыстау облысында тұрғын үй құрылысын салу қарқыны өсе бастауға байланысты үш зауыт салу көзделіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында тұрғын үй құрылысын салу қарқыны өсе бастауға байланысты үш зауыт салу көзделіп отыр

Маңғыстау облысында тұрғын үй құрылысын салу қарқыны өсе бастауға байланысты үш зауыт салу көзделіп отыр

Аймақтың индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес, Маңғыстау облысында тұрғын үй құрылысын салу қарқыны өсе бастауға байланысты битум, перфорациялық жүйелер мен цемент өндіретін үш зауыт салу көзделіп отыр. Бұл туралы облыс әкімі Болат Палымбетов жергілікті атқамінерлердің басын қосқан жиында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Тамыз 2004
  • 653
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, облыста индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қатысты 15 жоба жасалған, олардың ішінен 10 жоба бүгінде даму институттарының қарауында жатыр.

Б.Палымбетовтың айтуынша, қазіргі таңда битум және перфорациялық жүйелер өндіретін зауыттардың жобасы айрықша қызығушылық тудырып отыр. Бұл жобалар бойынша несие алу мүмкіндігі туралы өтініш «ҚР инвестициялық қоры» акционерлік қоғамына жолданған.
«Инвестициялық қордың президенті перфорациялық жүйелер өндіретін зауыт салу жөніндегі жобаны басымдық берілген жобалар санатына қосып, ол инвестициялық қор тарапынан қаржыландыруы мүмкін екендігі туралы уәде берді»,- деді Б.Палымбетов.
Әкімнің хабарлауынша, бүгінде «Титан груп» атты неміс компаниясы Маңғыстау облысында цемент зауытын салу жобасына қызығушылық танытқан. Облыс әкімінің айтуына қарағанда, компания өкілдері топырақ сынамалары зерттеуге алған, талдау жұмыстары Германияда жүзеге асырылуда. Нәтиже оң болған жағдайда компания цемент зауытын салуға кірісіп те кетпекші.
«Мұнай және газ өнеркәсібіндегі цементке деген сұранысты, сондай-ақ, облыстың индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын ескергенде осындай зауыт салу айрықша өзекті»,- деді Б.Палымбетов.
«Каскор» ААҚ-ның карьерлерінде жоғары маркалы цемент өндіруге арналған шектеусіз шикізат қоры бар. Сондай-ақ, облыста цемент өндірісінде қолданылатын пиритті огарок қоры да жеткілікті. Цемент өндіруге арналған шикізат сапасын зерттеу және жобалық жұмыстар облыста 1992-жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Оны бастапқыда Югославиялық, соңынан Түркияның «Финтрако» және итальяндық фирмалар жүзеге асырды. Талдау мәліметтері жергілікті шикізатты цемент өндірісінде пайдалану мүмкіндіктерін айғақтап берген. Шикізат сапасына қатысты соңғы зерттеулер 1999-жылы Ресей институттарында өткізілген.
Бүгінде Батыс Қазақстан облысында цемент өндірісі жоқ. Соның салдарынан аймақтағы құрылыс кәсіпорындары цементті Шығыс Қазақстан мен Ресейден сатып алуға мәжбүр.

Перейти к новостям спорта