Маңғыстау облысында Сай-Өтес-Бейнеу станциясында жүк поезы рельстен шығып қалды, деп хабарлады республиканың ТЖМ.
Төтенше жағдай салдарынан үш жолаушы және төрт жүк көлік құрамдары тұрып қалды, делінген ведомствоның хабарламасында.
Оның ішінде жол жүру кестесінен Маңғышлақ-Алматы, Атырау-Маңғышлақ, Алматы-Маңғышлақ қатынасындағы поездар және NN2508, 2502, 2507, 2509 құрамдары қалып қалды.