Маңғыстау облысында жаңа көгілдір отын құбыры тартылып, тағы біреуі салына бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында жаңа көгілдір отын құбыры тартылып, тағы біреуі салына бастады

Маңғыстау облысында жаңа көгілдір отын құбыры тартылып, тағы біреуі салына бастады

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Бекей ауылында 4,2 шақырымдық көгілдір отыр құбырының бір тармағы пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде осы өңірдегі 45 отбасы көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Шiлде 2003
  • 748
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар осы ауданның 1350 тұрғыны бар Оңды ауылына дейін жаңа көгілдір отын құбырын тарту қолға алынды. Аталмыш екі ауылды көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатына облыстық бюджеттен жыл басында 93,3 млн. теңге бөлінген болатын. Бұл қаржының 6,6 млн.-ы Бекей, 70 млн. теңгесі Оңды ауылына арналды.

Маусым айында облыстық бюджет бекітілгеннен кейін Маңғыстау облысының әкімі Болат Палымбетовтың ұсынысымен Оңды ауылын көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатына қосымша тағы да 16,7 млн. теңге бөлу туралы шешім қабылданды.
Үстіміздегі жылы сөйтіп, Бекей және Оңды ауылдарын көгілдір отынмен қамтамасыз етуге 93,6 млн., Жаңа Орпа ауылында тұрғын үйлер шоғырын салуға 3,5 млн. теңге, жаңа тұрғын үйлер шоғырына электр желісін тартуға 12,0 млн. теңге бөлінді.
Барлық елді мекендердің арасынан Шетпе, Сай-Өтес және 10-шы разьезд ауылдары орталықтандырылған жылу жүйесімен жартылай қамтамасыз етілген. Сай-Өтес ауылы табиғи көгілдір отынмен орталықтандырылған қамтамасыздық жүйесіне қосылса, Шетпе ауылындағы бу қазандығы көгілдір отынмен қамтамасыз етілді.
2002-жылы аудан орталығы көгілдір отынмен қамтамасыз етілді, бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 100 млн. теңге бөлінді. Ауданның басқа барлық елді мекендері сырттан әкелінетін сұйытылған көгілдір отынды тұтынады.
Биыл Маңғыстау ауданының 75-жылдық мерейтойы атап өтіледі.

Соңғы жаңалықтар