Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы 1 қазанда 08:30-да 6 ықшамауданының маңындағы Қызылсай ауылында болған.
"Қызылсай ауылының маңында Lexus пен Mercedes көліктері соқтығысты. Жақын жерде балабақша бар. Зардап шеккендерді жедел жәрдем көлігі ауруханаға алып кетті", — дейді куәгерлер.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан сегіз адам зардап шеккен, оның арасында бір ер адам оқиға орнында қаза тапты.
"Зардап шеккендерді шамамен таңғы тоғыздарда алып келді. Зардап шеккен бір адамды қарап шыққаннан кейін үйіне жібердік. Біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы қалыпты түрде ауыр деп бағаланады. Қалған бесеуі травматология бөліміне жатқызылды. Зардап шеккендердің арасында бір жасқа толмаған қыз бала бар. Барлығының да жабық түрде бас сүйек миы зақымдалған, бас сүйек миы шайқалған және көптеген жарақаттар алған", — деді Мұрат Сариев.
Маңғыстау облыстық ІІД өкілдері әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.