Департаменттегілердің хабарлауынша, техникалық жабдықтарды монтаждау жұмыстары қазан айының ортасында аяқталып, іске қосылады. Қазіргі жағдаймен жабдықтарды алу туралы келісім-шартқа қол қойылды.
Бүгінде сыртқы электр желілерін тарту жұмыстары аяқталып келеді. Қара май мен ацетон сақтайтын қойма құрылысы салынып жатыр. Тікелей құбырды орау жұмыстары жүзеге асырылатын №2 цех пен қоспалауыш өндіретін цехтың құрылысы салыну үстінде.
2005-жылдың 7 айының қорытындысы бойынша зауыт 772 млн. теңгенің өнімдерін өндірді. Шығарылған өнім жаппай Өзен кенішіне жөнелтілді. 2005-жылы 7 млн. доллардың инвестициясы салынады деп межеленген. Ал іс жүзінде биылғы жылдың қаңтар-шілде айларында 2,6 млн. доллар игерілді.
Әйнек талшықтарынан құбыр өндіретін зауыт «Ақтау теңіз айлағы» арнаулы экономикалық аймағының шеңберінде жұмыс істеуде. Зауыт жылына 400 мың метр құбыр өндіре алады. Жобаның құны 10,2 млн. долларға бағаланған. Зауыттың бірінші кезегі Халық банкінің несиесімен 2003-жылы салына бастап, 2004-жылы пайдалануға берілді.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті