Сенатор ортаға салған мәліметтерге жүгінсек, «қазіргі жағдаймен еңбекпен түзеу мекемелерін күрделі жөндеуден өткізіп, қалпына келтіру орынсыз әрі тиімсіз болмақ». «Әсіресе құрт ауруына шалдыққан тұтқындар шоғырланған ГМ 172/7 санды колонияда тіптен ауыр ахуал қалыптасып отыр»,- деп мәлімдеді Л.Бурлаков. Депутаттың хабарлауынша, «газ өңдеу зауытынан бірнеше шақырымда орналасқан колония апатты жағдайда, суды су таситын машиналар жеткізсе, канализациялық ағызынды сулардың қайта жіберілетіні беймәлім. Колонияда осынау нысанның тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталған тиісті инфрақұрылым жоқ»,- деді ол.
Депутаттық сауалында сенатор үкімет басшысына аталмыш колонияны жауып, ондағы құрт ауруына шалдыққан тұтқындарды басқа түзету мекемесіне ауыстыру туралы ұсыныс жасады.