Маңғыстау облысындағы ірі жол апатында алты адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысындағы ірі жол апатында алты адам қаза тапты

Маңғыстау облысындағы ірі жол апатында алты адам қаза тапты

Маңғыстау облысында ірі жол апаты болып,  алты адам қаза тапты; тоғыз жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілген. Оның үшеуі жан сақтау бөлімінде жатыр. «Екеуінің жағдайы тым нашар» - дейді дәрігерлер.

  • 17 Маусым 2011
  • 455
Фото - Caravan.kz


Аманқос Шаухымбердиев, Маңғыстау облыстық ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі:

Нейрохирургия, травматология, хирургияда  жатқандар  қауіпті емес, жазылып кетеді. Ал  жансақтау бөлімінде жатқандарға болжам айту айту қиынжарақаттары ауыр. Тоғыз кісінің ішінде басқа облыстан келген жұмысшылар да бар: Атыраудан екі адам, Ақтөбеден бір адам бар, қалғаны өзіміздің облыстың тұрғындары.

Жан cақтау бөлімінде жатқан үш адамның біреуі «Газель» көлігін  жүргізуші. Апат кеше кешкісін Ақтау және Форт Шевченко қалалары аралығындағы тас жолдың 66-шы шақырымында болған. Облыс орталығына қарай бет алған «Газель» окөлігі ара қашықтықты сақтамай, алдында келе жатқан жүк тиегіш тракторға соғылып, аударылып кеткен. Жол оқиғасы болған кезде «Газель» ішінде он алты жолаушы болыпты. Оның бесеуі сол жерде тіл тартпай кеткен. Бір адам жеделжәрдем көлігінде көз жұмды. Әзірге облыстың жол сақшылары ірі жол апатына байланысты толыққанды мәлімет беруден бас тартып отыр.

Соңғы жаңалықтар