Маңғыстау облысындағы магистральды газ құбырынан газ шығып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысындағы магистральды газ құбырынан газ шығып жатыр

Маңғыстау облысындағы магистральды газ құбырынан газ шығып жатыр

Маңғыстау облысындағы "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ-ына қарасты магистральды газ құбырының тозығы жету салдарынан газ шығып жатыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Қараша 2004
  • 447
Фото - Caravan.kz

Апат 2-қарашада 7 сағат 30 минутта Жаңаөзен қаласынан солтүстікке қарай 80 шақырымда «Окарем-Бейнеу» магистральды газ құбыры учаскесінде шықты. Құбырдың тозығы жетуге байланысты 2 метрге жуық тесік пайда болған.

Бейнеу және Жаңаөзен желілік-өндірістік басқармасының желілік-эксплуатациялық қызметі апат шыққан учаскені арматурамен үзіп, 20 метрлік құбырды алмастыруда.
Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпаратына сәйкес, «МАЭК-Қазатомөнеркәсібі» ЖШС, тұрғын үйлер мен өндірістік нысандарға көгілдір отын Теңге кенішінен берілуде.

Перейти к новостям спорта