Маңғыстау облысындағы мұнай өндіруші компаниялар 2004-жылы 14,4 млн. тонна мұнай өндіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысындағы мұнай өндіруші компаниялар 2004-жылы 14,4 млн. тонна мұнай өндіреді

Маңғыстау облысындағы мұнай өндіруші компаниялар 2004-жылы 14,4 млн. тонна мұнай өндіреді

Маңғыстау облысындағы мұнай өндіруші компаниялар 2004-жылы 14,4 млн. тонна мұнай өндіреді. Бұл туралы облысты 2004-2006-жылдар аралығында дамыту жөніндегі стратегиялық жоспарда айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Қаңтар 2004
  • 521
Фото - Caravan.kz

«Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ кеніштерінде 5200 ұңғыға жер астындағы жөндеулер, ал 630 ұңғыға күрделі жөндеулер жасалады. Жұмыссыз тұрған 160-170 ұңғы мен айдаушы 60 ұңғы, сондай-ақ, бұрғылаушы 35-40 ұңғы алдағы жыл ішінде пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, жыл бойына компания кеніштерінде 35-40 ұңғы тұтынудың механикаландырылған әдісіне көшіріледі. 70 мұнай ұңғысында мұнай қабатын су қысымымен бұзу көрінісі жүзеге асырылады.
«Өзенмұнайгаз» ААҚ 160 өндіруші және 100 айдау ұңғысында бұрғылау жұмыстарын жүзеге асыруды көздеп отыр. Барлығы 3400 ұңғыға, соның ішінде 2060 мұнай өндіруші ұңғыға жөндеу жасалады. Сондай-ақ, компания 2200-ге жуық геофизикалық жұмыстарды жүзеге асырмақшы.
2010-жылы Өзен мұнай кенішін сауықтыру шаралары аяқталады, соның нәтижесінде «Өзенмұнайгаз» ААҚ-ның мұнай өндіру көлемі 2005-жылы дегенде 7 млн. тоннаға дейін өседі.
«Қаражанбасмұнай» ААҚ кәсіпорнында 2004-жылы 2110 мың тонна мұнай, 2006-жылы 2500 мың тонна мұнай өндіріледі.
Солтүстік Бұзашы және Дунга кеніштерінде де мұнай өндіру көлемі артады. Толқын, Баранкөл және Тасболат кеніштерін жайластыру жұмыстарын аяқтау көзделіп отыр.
Баутино ауылының маңында «Аджип» ККО жүзеге асыратын теңіздегі мұнай операцияларын қолдау базасы одан әрі дамытылады.
2004-жылы мұнайгаз саласындағы өнім көлемінің жалпы құны 307,5 млрд. теңгені, немесе 2003-жылғы баға бойынша 106,9 процентті құрайды. Облыстағы жалпы өнеркәсіп өнімінің құрамындағы мұнайгаз саласының үлесі 90,1 процентті құрайды. 2005-жылдың соңында жалпы мұнай өндіру көлемі 16,6 млн. тоннаны құрамақшы.
Ал 2005-жылы экспортқа шығарылатын мұнай көлемі 12,9 млн. тоннаны құрайды.

Соңғы жаңалықтар