Маңғыстау облысындағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары өнім мөлшерін 1,4 есе арттырды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысындағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары өнім мөлшерін 1,4 есе арттырды

Маңғыстау облысындағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары өнім мөлшерін 1,4 есе арттырды

2004-жылдың қаңтар-шілде айларында Маңғыстау облысындағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өнім мөлшері 2003-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 1,4 есе өсіп, 8 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық статистикалық басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Тамыз 2004
  • 942
Фото - Caravan.kz

2004-жылдың 7 айында облыста 1,4 млрд. теңгенің азық-түлік өнімдері өндірілді. Бұл өткен жылғы осындай көрсеткіштен 2 процент артық. Балық өңдеу, шұжық және кондитерлік бұйымдарды өндіру ауқымы артты. Ал ет және сүт өнімдері, нан, кеспе өнімдері мен майонез өндіру мөлшері керісінше төмендеді.

Тоқыма және тігін өнеркәсібінде өнім мөлшері өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 1,8 есе өсті. Бұл жұмыс киімдерін өндіру мөлшері 5 есе артуына байланысты. Сала өнімдерінің жалпы көлемі 93,9 млн. теңге болды.
Тері және тері бұйымдары мен етік өндірісінің өнімі 2003-жылғы қаңтар-шілде айымен салыстырғанда 1,4 есе артып, 59,7 млн. теңгені құрады.
Мұнай өнімдері мен ядролық материалдар өндірісінде өткен жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда өнім мөлшерінің индексі көмірсутекті сұйытылған газдарды өндіру мөлшерінің артуы есебінен 108,4%-ті құрады.
Химия өнеркәсібінде стирол полимерлері мен тіс боры шығарылған жоқ. Бұл салада 8430 тонна моногидрат түріндегі күкірт қышқылы, 16647 тонна минералды тыңайтқыштар өндірілді. 2004-жылдың қаңтар-шілде айларында сала өнімдерінің жалпы көлемі 574,8 млн. теңге болып, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 1,9 есе артты.
Пластмасса және резина өнімдер өндірісінде 2004-жылдың шілде айында сала өнімінің мөлшері өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 29 есе, ал жыл басынана бері 25,6 есе өсіп, 476,8 млн. теңгені құрады. Өнім мөлшерінің анағұрлым артуы негізінен облыста өнімнің жаңа түрін, әйнекпластикалық құбырлар өндірісін игеруге байланысты. 2004-жылдың 7 айында өнім мөлшері 600 тоннадан асты.
Металлургия өнеркәсібі мен дайын металл бұйымдар өндірісінде 2004-жылдың 7 айында құрылысқа арналған құрама металлоконструкцияларды өндіру мөлшері 2003-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 146 процентке, басқа конструкцияларды өндіру мөлшері 1,5 есе өсті. Сонымен бірге есепті мерзімде мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарлар өндірілген жоқ. Осыған байланысты саладағы жалпы өнім мөлшері 2003-жылдың қаңтар-шілде айларындағымен салыстырғанда 14,3 процентке артып, 99,6 млн. теңгені құрады.

Перейти к новостям спорта