Маңғыстау облысындағы Қаратұрын кенішінде апат болды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысындағы Қаратұрын кенішінде апат болды

Маңғыстау облысындағы Қаратұрын кенішінде апат болды

Астана. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысындағы Қаратұрын кенішінде №34 ұңғыдағы жөндеу жұмыстары кезінде газ бен мұнай атқылау оқиғасы болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 6 Қазан 2008
  • 430
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы Бұзашы түбегінде Ақтаудан 310 шақырым жерде орналасқан Қаратұрын кенішіндегі №34 ұңғыдағы жөндеу жұмыстары кезінде 1100 метр тереңдіктен газ бен мұнай атқылау оқиғасы болды.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, аспаптың қисайып қалуы салдарынан қондырғыны толық жабу мүмкін болмаған. Төтенше оқиғаны жою үшін ҚР ТЖМ-нің «Ақберен» қызметінің 9 адам мен 1 техникасынан құралған апаттық тобы жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті