Маңғыстау облысындағы Толқын және Баранкөл кеніштерінде газды кешенді дайындау қондырғысы іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысындағы Толқын және Баранкөл кеніштерінде газды кешенді дайындау қондырғысы іске қосылды

Маңғыстау облысындағы Толқын және Баранкөл кеніштерінде газды кешенді дайындау қондырғысы іске қосылды

Маңғыстау облысындағы Толқын және Баранкөл кеніштерін игеруші Қазақстан-Молдавия бірлескен "Қазполмұнай" ЖАҚ тәулігіне 3 млн. текше метр газ өндіре алатын 2151 млн. теңгеге бағаланған кешенді газ дайындау қондырғысын іске қосты. Бұл туралы облыс атқамінерлерінің бірінші жарты жылдық қорытындысына арналған мәжілісінде облыстық экономика, өнеркәсіп және сауда басқармасының бастығы Әділбек Көшеров хабарлады.

  • 11 Тамыз 2003
  • 676
Фото - Caravan.kz

Баранкөл кенішінде 1999-жылдан бастап жұмысқа кіріскен «Қазполмұнай» ЖАҚ бұған дейін газ және мұнай қоры жөніндегі сейсмологиялық барлау қорытындысын дәлелдеп, төрт бірдей жаңа мұнай ұңғысын бұрғылаған.

Сондай-ақ, Толқын кенішінде 3,9 мың метрлік тереңдіктегі ұңғыдан алғашқы мұнай тасқыны атқылады. Бұл кенішті акцияларының 75 проценті «Қазполмұнай» ЖАҚ-ның иелігіндегі «Толқынмұнайгаз» АҚ игереді.
«Қазполмұнай» компаниясының мәліметі бойынша, Толқын кенішіндегі мұнай қоры ондаған миллион тоннаға жетеді.
Алдағы уақытта кеніш өңірінде мұнай және газ өңдеу жөніндегі кешенді қондырғылар, мұнай сақтайтын терминал, мұнайды темір жол цистерналарына тиеуге арналған эстакада салу көзделіп отыр. Екі кеніште автоматты басқару жүйесі жұмыс істейді. Қазіргі жағдаймен 18 шақырымдық газ құбыры пайдалануға берілді. Опорная бекетінде 50 орынды вахталық ауыл бой көтерді. Тендер нәтижесінде кеніштерді жайластыру жұмысымен «Петром», «Петростар» және «Петросервис» компаниялары айналысуда.
Мұнай айдау мақсатымен Толқын-Опорный мұнай құбыры іске қосылды, қазір құбырдың Баранкөл- Опорный бағытындағы тармағы тартылу үстінде.
Компания сондай-ақ, барлау аумағын әрқайсысының алаңы 2,5 шаршы шақырымды құрайтын екі блокқа арттыруды жоспарлап отыр. Сейсмологиялық барлу қорытындысы бұл блоктарда мұнай қорының молдығын айғақтап берді. Қазақстанмен екі ортада қол қойылған 25 жылдық жер қойнауын игеру жөніндегі келісім шартына сәйкес «Қазполмұнай» ЖАҚ аймақтағы әлеуметтік бағдарламаларға атсалысу турасында міндеттеме жүктеп алған.

Соңғы жаңалықтар