Маңғыстау облысының әкімі Ақтау қаласының жаңа әкімін тағайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысының әкімі Ақтау қаласының жаңа әкімін тағайындады

Маңғыстау облысының әкімі Ақтау қаласының жаңа әкімін тағайындады

Ақтау қаласының жаңа әкімі болып Рашит Мұстапаев тағайындалды. Тағайындау туралы бұйрыққа Маңғыстау облысының әкімі Болат Палымбетов қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Маңғыстау облысы әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Қараша 2004
  • 867
Фото - Caravan.kz

Р.Мұстапаев 1964-жылы туған. 1987-жылы Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ институтын тау-кен ісінің инженер-электригі мамандығы бойынша бітірді.

Институтты бітіргеннен кейін Түрікменстан ССР-і Гаурдак күкірт зауытына қарасты ашық кеніште энергетик болып жұмыс істеді. 1988-1989-жылдары Түрікменстан Лениншіл Жастар Одағы Комитетінің Чаршангин аудандық комитетінің хатшысы болып екі жыл істеді. 1989-1995-жылдары КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік комитеті мен ҚР ҰҚК органдарында әскери қызметтен өтті. 1991-жылы КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің Тбилиси қаласындағы жоғарғы курсын бітіріп, жоғары арнаулы білімі бар офицер атанды.
1995-2000-жылдарда «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ-ның сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бастығы, «Қазақстан халық банкі » ААҚ облыстық филиалының заңгерлік қызметінің басшысы және директордың орынбасары болды.
2000-2003-жылдар аралығында шетелдік компанияның филиалында мұнай ұңғыларына жер астында күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі директордың орынбасары болып істеді. 2003-жылдың ақпан айында Маңғыстау облысының әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі болып, ал 2003-жылдың мамыр айында облыс әкімінің аппараты жетекшісінің орынбасары болып тағайындалды. 2004-жылдың наурыз айынан бері облыс әкімі аппаратының жетекшісі қызметін атқарды.
2001-жылы Лондондағы EF-international school of English мектебінде тіл дайындығынан өтті. ҚР ҰҚК-нің запастағы майоры деген әскери шені бар.
Қала әкімі бүгін, 26-қарашада Ақтау қаласы жұртшылығымен кездесуде таныстырылады.

Перейти к новостям спорта