Маңғыстау облысының әкімі ауылдық кәсіпкерлерге жаңа тракторлардың кілтін табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысының әкімі ауылдық кәсіпкерлерге жаңа тракторлардың кілтін табыс етті

Маңғыстау облысының әкімі ауылдық кәсіпкерлерге жаңа тракторлардың кілтін табыс етті

ҚР үкімет басшысының орынбасары-ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов Маңғыстау облысының әкімі Болат Палымбетовтың ауылдық кәсіпкерлерге МТЗ-80 үлгісіндегі жаңа 6 трактордың кілтін табыс етуге бағытталған салтанатты рәсімге қатысты. Бұл техниканы "Маңғыстауагросервис" ҚКК дихандарға лизинг есебінен тапсырып отыр,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Қыркүйек 2003
  • 549
Фото - Caravan.kz

Биыл ауылшаруашылығы басқармасы бекіткен бағдарламаға сәйкес 2000 қой, 60 түйе, 30 жылқы, 15 сиыр, МТЗ-80 үлгісіндегі 6 трактор, ГП-6 үлгісіндегі 7 тырма,

КДП-4 үлгісіндегі 7 шөп машинасы, 6 шөп прессі, 50 су насосы сатып алынып, олардың басым бөлігі шаруашылықтарға табыс етілді.
Тракторлар «Раушан», «Үштаған», «Тұщықұдық», «Бейбіт» және «Таушық» ЖШС-іне тапсырылды.
«Маңғыстауагросервис» ҚКК жас малшылар мен фермерлерді қолдау мақсатымен облыс әкімі Б.Палымбетовтың шешіміне сәйкес 2002-жылы құрылған. Ауылшаруашылығын дамыту үшін биыл облыстық бюджеттен 50 млн. теңге бөлінді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, компанияның басты мақсаты — экономиканың ауылшаруашылығы секторындағы кәсіпкерлік жобаларды қолдау болып табылады. Атап айтсақ, компания тиісті қорлардағы қаржыны ауылдықтарға таратуда жауапкершілік жүктейді. Сондай-ақ, «Маңғыстауагросервис» қызметкерлері несие беруге арналған болашағы бар жобаларды дайындап, ауыл тұрғындарын машықтандырумен бірге конкурстық құжаттарды дайындауға қол ұшын береді.