Маңғыстау облысының әкімі Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне Маңғышлақтың көмірсутегі шикізат қорын бағалауды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысының әкімі Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне Маңғышлақтың көмірсутегі шикізат қорын бағалауды ұсынады

Маңғыстау облысының әкімі Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне Маңғышлақтың көмірсутегі шикізат қорын бағалауды ұсынады

Ақтау. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Газ саласын дамыту мақсатында Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне Оңтүстік Және Орталық Маңғышлақтың және Үстірттің шектесетін аумақтары мен Шығыс Маңғышлақтың көмірсутегі шикізат қорына болжамдық бағалау жасауды ұсынады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 22 Тамыз 2008
  • 660
Фото - Caravan.kz

Өңір басшысының пайымдауынша, бұл геологиялық барлау жұмыстарының перспективалық бағыттарын дамытуды негіздеу үшін және Маңғыстау өңірінің газ әлеуеті жөніндегі сенімді ақпарат алу үшін қажет.

Қ. Көшербаев сондай-ақ, іздеу бұрғылауына дайындалған сейсмикалық барлау құрылымдарын енгізуді ұсынды.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, болжам бойынша жиынтық газ қоры 210 млрд текше метрді құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар