Маңғыстау облысының әкімі үкіметке "Ақтау теңіз айлағы" арнаулы экономикалық аймағында инвесторларға салықтан жеңілдік жасауды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысының әкімі үкіметке "Ақтау теңіз айлағы" арнаулы экономикалық аймағында инвесторларға салықтан жеңілдік жасауды ұсынды

Маңғыстау облысының әкімі үкіметке "Ақтау теңіз айлағы" арнаулы экономикалық аймағында инвесторларға салықтан жеңілдік жасауды ұсынды

Маңғыстау облысының әкімі Болат Палымбетов ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовтың атына ұсыныс жолдап, онда "Ақтау теңіз айлағы" арнаулы экономикалық аймағында өндіріс негізін қалаушы инвесторларға 2007-жылдың 1-қаңтарына дейін салық түрлерінен жеңілдік жасауды сұрады. Бұл туралы Б.Палымбетов KZ-today тілшісіне берген сұхбатында атап көрсетті.

  • 14 Шiлде 2003
  • 536
Фото - Caravan.kz

Әкім инвесторларды корпоративтік кіріс салығынан, мүлік және жер салығынан босатуды сұрап отыр.

Облыс әкімі арнаулы экономикалық аймақты жедел қарқынмен дамыту мәселесіне жаңа үкімет түсіністік танытады дегенге үміт артады.
Қазір арнаулы экономикалық аймақ аумағында үш жоба бойынша құрылыс және жобалау-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, қазір мұнда «Ақтау әйнекталшықты құбырлар зауыты» ЖШС-нің өндірістік ғимаратын монтаждау жұмысы аяқталуға жақын. Зауыт 2003-жылдың 3-тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Онда жыл сайын 400 мың метр 80-400 мм-лік диаметрлі әйнекталшықты құбырлар жасалатын болады. Сонымен бірге мұнайгаз саласына арналған құбырлар зауыты мен теңіздік металл құрылғылар зауытының жобалау-зерттеу және дайындық жұмыстары атқарылуда. Бұл зауыттарды салу жұмысы 2003-жылдың күзінде басталады деп жоспарланған.
Қазір арнаулы экономикалық аймақтың инфрақұрылымын салу жұмыстары одан әрі жалғасуда. «Ақтау теңіз айлағы» Арнаулы экономикалық аймағы Әкімшілігі» мемлекеттік мекемесінің директоры Мұхит Мәженовтың айтуынша, 2003-жылдың тамыз айына дейін аймақ қоршауын тұрғызу, кедендік бекеттер мен бақылау-тексеру бөлімшелерін салу, Өмірзақ ауылына дейін жол тарту жұмыстары аяқталады.
Қазір сондай-ақ, теңіз сауда айлағының ауқымын кеңейту мәселесі қаралуда. Алайда, бірқатар себептерге байланысты аталмыш жобаны қаржыландыру мәселесі бойынша «Ақтау әйнекталшықты құбырлар зауыты» ЖШС-нен басқа бір де бір потенциалдық инвестор ақырғы шешім қабылдамай отыр.
Арнаулы экономикалық аймағының аумағы 227,1 гектарды құрайды.

Соңғы жаңалықтар