Маңғыстау облысының әкімі үкіметтен 10 млрд теңге сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысының әкімі  үкіметтен 10 млрд теңге сұрады

Маңғыстау облысының әкімі үкіметтен 10 млрд теңге сұрады

Енді бірнеше жылдан кейін Маңғыстау облысы ауыз су мен электр энергиясы тапшылығының зардабын тартады. Аймақ әкімі Бауыржан Мұхамеджанов осылай деп мәлімдеді.

  • 22 Қараша 2012
  • 414
Фото - Caravan.kz

«Ауыз су тапшылығы мәселесін шешу үшін Еділ-Қиғаш суын пайдалану туралы ұсыныстар жасалды. Бірақ бұл өте қымбат жоба. Тұрғындар құбырдан аққан бұл судың бір текше метрін 500 теңгегеден сатып алады. Сондықтан бұл күмәнді жоба», — деді Б.Мұхамеджанов Жаңаөзенде премьер-министр Серік Ахметовпен кездесуде.

Аймақ басшысы ауыз су мәселесін ұңғымалар қазу арқылы шешуді ұсынып отыр.
«Қолдағы мәліметтерге сүйенсек, ұңғымалардағы су қоры 12 млн текше метрге дейін жетеді. Зерттеу мен бұрғылауға мемлекет 8-10 миллиард теңге инвестиция салуы қажет. Сізден осы мәселені шешуге көмектесуіңізді сұраймыз», — деді ол премьер-министрге.
Ал, электр энергиясы тапшылығы мәселесін булы-газды қондырғылар арқылы шешуге болады, дейді Б.Мұхамеджанов.
«Министерлік пен МАЭК дауласып, ТЭН құнын кім төлейтінін шеше алмай отыр. Әзірге электр қуаты жеткілікті. Бірақ, мамандардың айтуынша, 2014 жылға қарай электр энергиясына қатты зәрулік туады. Сондықтан алдағы бір-екі жылда құрылысты бастау қажет», — деді облыс басшысы.