Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында 140 орындық балабақша пайдалануға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында 140 орындық балабақша пайдалануға берілді

Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында 140 орындық балабақша пайдалануға берілді

Бүгін Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында жаңа 140 орындық балабақшаның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» компаниясының баспасөз қызметінен.

  • 31 Мамыр 2011
  • 637
Фото - Caravan.kz

Аталған әлеуметтік нысанды «Аташ», «Түпқараған», «Кұрманғазы» және «Жемчужина» жобалары бойынша серіктестердің бірлесе қаржыландыруының арқасында жүзеге асырылды. Жоғарыда аталған теңіз жобаларының әлеуметтік міндеттемелерді орындауда қаржыларды топтастыруы Маңғыстау облысындағы маңызды және ауқымды нысандарды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Маңғыстау облысы әкімдігінің қаржыландыру туралы жасалған келісіміне сәйкес өкілетті мекеме арқылы мердігерді таңдау ұйымдастырылды және құрылыс барысы кезінде техникалық қадағалау жүзеге асырылды. Техникалық жобаны жасақтау және құрылысты толығымен аяқтау шартын қоса алғанда нысанның жалпы құны 1,38 миллион АҚШ долларын құрады. Техникалық жобаны әзірлеген «Мұнайгазпроект-Сервис» ЖШС, ал балабақшаның құрылысын жүргізген бас мердігер — «СМК-4» ЖШС.

Ақшұқыр ауылындағы жаңа балабақшаның ашылуы ауыл тұрғындары үшін елеулі оқиға. Ауылда 2007 жылы салынған 100 орындық балабақшаның барлығына қарамастан 500 бала осындай балабақшаға баруға кезекте тұр. Жаңа балабақшада балаларға арналған 7 топ болады. Олардың барлығы заман талабына сай құралдармен жабдықталған. Онда музыкамен айналасуға, спортпен шұғылдануға залдар қарастырылған. Ғимараттың айналасы толықтай тазартылған және де ауласы балалар ойнайтын алаңдармен жабдықталған.

«Аташ», «Түпқараған», «Кұрманғазы» және «Жемчужина» жобалары Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан мұнай құрылымындарын игеруге және өнім өндіруге бағытталған. Барлық жобалар бойынша серіктес компаниялардың атынан және солардың тапсырмасына сәйкес қызмет атқаратын операциялық компаниялар бекітілген.

Соңғы жаңалықтар