Атап айтқанда, басқа қызметке ауысуына байланысты облыс әкімінің орынбасары Сақып Керелбаев қызметінен босатылды. Оның орнына соңғы екі жыл Түпқараған ауданы әкімі міндетін атқарған Серікбай Тұрымов тағайындалды.
Облыс басшысы Қырымбек Көшербаевтың нұсқауымен Түпқараған ауданының әкімі болып 2005 жылы Жаңаөзен қаласының әкімдігін басқарған, ал 2006 жылдың мауысым айынан бастап Қазақстан премьер-министрі кеңсесі аппаратының бас сарапшысы болып жұмыс істеген Балабай Шелпекбаев тағайындалды.
Облыстық мәдени басқармасының бастығы да ауысты. Осыған дейін бұл міндетті Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрын басқарған Н. Мұханов атқарған болатын. Енді басқарма бастығы қызметі 2005 жылдың қаңтарынан бастап облыс әкімінің баспасөз қызметін басқарған Майра Гумароваға бұйырды.
Сонымен қатар, облыс әкімінің нұсқауы бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл орынға соңғы жылы «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры»АҚ Маңғыстау облысы бойынша аймақтық бөлімшесінің директоры болып жұмыс істеген Ғалымжан Сағынбай отырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті