Жарияланды: 560

Маңғыстау облысының екі тұрғыны Каспий теңізінде із-түзсіз жоғалып кетті

Маңғыстау облысы Тельман ауылының екі тұрғыны Каспий теңізінде із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. 25 және 26 жастағы екі жігіт 4-желтоқсан күні 11 сағатта қайық мініп теңізге шыққан. Бүгінге дейін олардан хабар-ошар болмай отыр. Жоғалған адамдарды судан құтқару қызметінің қызметкерлер құрамы іздестіру үстінде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін