Сәбит апа 1901-жылы Маңғыстау ауданының Қызаң ауылында туған. 17 жасында отау тігіп, күйеуімен бірге Шымкентке көшеді. Қазір оның 1 ұл, 6 қызы, 32 немересі мен 2 шөбересі бар. «Қарттықты балаларым, немерелерім мен шөберелеріммен бірге шат-шадыман өткеріп жатырмын, тіпті қуаныштарымды бөлісетін қатар құрбым да бар»,- дейді кейуана.
Өзінің ұзақ жасау құпиясын С.Уленова еңбексүйгіштігімен және тіршіліктегі белсенділігімен байланыстырады.