«Досекеновтың осы қызметке тағайындалуы Республика президентінің келісімімен және бас прокурордың бұйрығына сәйкес жүзеге асырылды»,-деді облыстың жаңа прокурорын таныстырған М.Ваисов.
Сондай-ақ, А. Досекенов облыстық прокуратура алқасының төрағасы қызметіне бекітілді.
А. Досекенов 1959 жылы Алматыда туып өскен. Прокуратура органдарында 1981 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2005 жылдың тамыз айынан бері Алматы қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті