Маңғыстау облысының Жыңғылды ауылында оба індетін таратушыларды жою жұмысы аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-7 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысының Жыңғылды ауылында оба індетін таратушыларды жою жұмысы аяқталды

Маңғыстау облысының Жыңғылды ауылында оба індетін таратушыларды жою жұмысы аяқталды

Маңғыстау облысының Жыңғылды ауылында жаппай дезинфекциялау және дератизациялау шаралары тәмамдалды. Барлығы 320 қоражай және аулада оба қоздырғышын таратушы бүргелер мен кеміргіштерді жою жұмыстары жүзеге асырылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне санэпидбақылау жөніндегі мемлекеттік департаментінен хабарлады.

  • 25 Тамыз 2003
  • 732
Фото - Caravan.kz

Ауылдың айналасындағы 5 шаршы шақырымдық аумақта да осындай өңдеу жұмыстары жүргізілді. Облыстық әкімшіліктен мемлекеттік санитарлық бақылау қызметіне арнап бөлінген 33 млн. теңгеге облыс орталығының айналасында қаладан тысқары 3-4 шақырымға созылатын арнаулы обадан қорғану аймағын құру жұмыстары қолға алынды.

«Медик-гигиенист» өндірістік кооперативінен жасақталған арнайы үш топ 15 күн бойы 1500 гектар алқапта індет қоздырғышын залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. 1 гектар жерді өңдеуге 10 мың теңге шамасында қаржы жұмсалды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылдың шілде айында Жыңғылды ауылының 4 тұрғыны обаның бездік түрімен ауырып ауруханаға түскен болатын. Олардың ауру түйені союға атсалысқаны белгілі болған.