Маңғыстауда 13,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда 13,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді

Маңғыстауда 13,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді

ҚазАқпарат - 2017 жылы Маңғыстауда 13,7 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Облыс 108 пайызбен республика бойынша 1 орынға тұрақтады. Алайда, мұнымен шектелуге болмайды.

  • 13 Ақпан 2018
  • 111
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы тапсырғандай бұл салада экспортты арттырып, кооператив жұмысын жандандыру керек. Өңірде 500 мыңнан астам мал басы бар. Оның ішінде жылқы саны көп. Әсіресе, Бейнеу, Маңғыстау, Түпқараған ауданында фермерлер шаруашылығын өркендетіп отыр. Бірақ ірі қара бағушылар азайған. Сондықтан биыл мал өнімі өнімділігін арттыру үшін мемлекет шаруаларға біршама субсидия берген. Мәселен, 2016 жылы 38 миллионға қолдау көрсетілсе, 2017 жылы бұл сома 2 есеге артып, 60 миллион 300 мың теңгеге жеткен.

Соңғы жаңалықтар