Маңғыстауда 17 келі есірткіні жасырып алып өтпек болғандар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда 17 келі есірткіні жасырып алып өтпек болғандар ұсталды

Маңғыстауда 17 келі есірткіні жасырып алып өтпек болғандар ұсталды

Есірткі тасымалдаушылар енді шөп шабушылардың кейпіне ене бастады. Маңғыстау облысында 17 келі марихуананы пішеннің арасына жасырып алып өтпек болғандар қолға түсті. Олар тіпті сора жапырағын қолдануға да дайындап қойған екен.

  • 9 Қыркүйек 2015
  • 224
Фото - Caravan.kz

Ұсталғандар 47 және 34 жастағы Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарының тұрғындары. Олардың марихуананы Ақтөбеден алып келе жатқан беттері екен. Ақтаулық шаруалардың көрші облыстың жем-шөбіне зәру екенін білетін күдіктілер есірткіні пішенге ораса, сезік тудырмайды деп ойласа керек. Алайда полицейлер көлік салонын тексеру барысында 1 пакетке салынған және қағазға оралған марихуана тапқан. Ал жүк салғышынан 17 келі есірткі шықты. Бұның қара базардағы бағасы 3 миллион теңге. Енді оңай олжаға кенелмек болғандар есірткі өнімін заңсыз тасымалдап, дайындап, өңдегені үшін 10-15 жылға дейін темір торға тоғытылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар