Маңғыстауда аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы абақтыға қамалды
|
Маңғыстау облысында Бейнеу аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы темір торға тоғытылды. Арыстан Боранов екі ай бұрын қарамағындағы қызметкерді ұрып өлтірді деп күдікке алынған болатын.
Естеріңізге сала кетсек, оқиға қазан айында Бейнеу ауылында із кесушілердің кәсіби мерекесі күні болған. Ішімдікке қызып алған тәртіп сақшылары өзара жаға жыртысып, жедел уәкіл Әбдірахман Шаленов ауруханаға жетпей көз жұмған-ды. Куәгерлер төбелестің ортасында Бейнеу аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Арыстан Борановтың өзі болғанын айтты. Ал жергілікті полиция басшылығы, қайта араққа тойып алып, ойранды бастаған Шаленовтың өзін тәртіпке салмақ болдық, -деп ақталды. Осы оқиғадан кейін Бейнеу полициясының бастығы ауруханаға түсіп қалған еді. Енді оған қатысты іс қозғалып, абақтыға қамалып отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін