Маңғыстауда бюджет саласының қызметкерлеріне арналған жатақхана ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда бюджет саласының қызметкерлеріне арналған жатақхана ашылды

Маңғыстауда бюджет саласының қызметкерлеріне арналған жатақхана ашылды

Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында 100 орындық жатақхана ашылды.

  • 3 Тамыз 2018
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Екі ғимараттан тұратын жатақханада ас үй, жуынатын бөлме, кіреберіс және зат сақтайтын қоймамен қатар, тұрмысқа қажеттілердің барлығы бар.

Жалпы құрылыс алаңы шамамен 2,5 мың шаршы метрді құрайды. Жатақхана маңайындағы аумақты абаттандыру мәселесі де ұмыт қалмаған. Ғимарат айналасында жасыл желек алаң мен жаяу жүргіншілер жолына асфальт пен кеспе тастар төселген.

«Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің бірінші бастамасында: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» деп атап өткен болатын. Бүгінгі аудандағы жасалынып жатқан шара соның айғағы деп білемін. Сонымен қатар, осы компания 2017-2018 жылдар аралығында Маңғыстау ауылынан кітапханасымен бірге 500 орындық мәдениет үйі, Маңғыстау ауылында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы мен Маңғыстау-5 елді мекенінен 15 шақырым автокөлік жолының құрылысына 3 миллиардтан астам қаражат бөліп, Мұнайлы ауданының әлеуметтік дамуына өз үлестерін қосуда», деді шараға қатысқан облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Жоба құны — 840 миллион теңге. Жатақхана құрылысы бір жылға жетер жетпес мерзім ішінде аяқталды.


«Бұл жатақхана «НКОК» компаниясы үшін маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде салынды. Себебі, Консорциум міндеті жергілікті жұртшылықтың қажеттіліктерін тікелей қамту. Сонымен қатар, Консорциум бұл аймақтарда әлеуметтік жобаларға үлкен қажеттілік бар екенін ескере отырып, Маңғыстау және Атырау облыстарында бірқатар қосымша жобаны жүзеге асыруда», дейді «NCOC» компаниясының басқарушы директоры Бруно Жардэн.

Мұнайлы ауданындағы жағымды жаңалық мұнымен шектелмейді. Қыркүйек айында аудандағы Қызылтөбе мен Басқұдық ауылдарында мектеп ашылады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар