Маңғыстауда көмірқышқыл газынан келіншек үш баласымен бірге уланып қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда көмірқышқыл газынан келіншек үш баласымен бірге уланып қайтыс болды

Маңғыстауда көмірқышқыл газынан келіншек үш баласымен бірге уланып қайтыс болды

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Батыр ауылында келіншек үш баласымен бірге уланып қайтыс болды.

  • 14 Ақпан 2020
  • 120
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Lada.kz сайты жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Газға уланға әйелді де, үш баланы да құтқару мүмкін болмады, олар сол жерде қайтыс болды.

Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 13 ақпанда болған. Кезекші жедел жәрдем және жедел медициналық көмек қызметінің консоліне қоңырау сағат 17: 42-де түсті. Батыр ауылында бір отбасы көмірқышқыл газымен уланған. Оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы барған.

Қайтыс болған келіншек 1981 жылы болса, балалары 2006, 2007 және 2018 жылы өмірге келген. 

Ал келіншектің 1977 жылы өмірге келген күйеуі мен 9 жастағы баласы аман қалған. 


Маңғыстау облыстық ауруханасына және облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Отбасының әкесі токсикология бөліміне жатқызылды, әрі қарай реанимацияға жіберілді.

"Көміртек оксидінің уытты әсерінен жағдайы ауыр. Баланың жағдайы тұрақты және ауыр деп бағаланады. Асқынулар байқалмайды, есін жоғалтпаған. Геодинамикалық көрсеткіштер тұрақты", — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

Соңғы жаңалықтар