Маңғыстауда оқ жарақатымен бірнеше адам ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда оқ жарақатымен бірнеше адам ауруханаға түсті

Маңғыстауда оқ жарақатымен бірнеше адам ауруханаға түсті

Маңғыстау облыстық ауруханасына оқ тиіп жарақат алған үш адам жеткізілді.

  • 6 Қыркүйек 2018
  • 158
Фото - Caravan.kz


Олар Құрық ауылынан 6 қыркүйек күні сағат 02:00-де түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лада.кз сайтына сілтеме жасап.

Облыстық аурухананың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, екі зардап шегуші нейрохирургия және травматология бөлімшелерінде орташа ауыр жағдайда жатыр. «1990 жылғы науқастың төменгі жағы мен самайына оқ тиіп жарақаттанған. Қазір нейрохирургия бөлімінде орташа ауыр жағдайда жатыр. 1994 жылғы екінші зардап шегушінің екі қолы мен көкірек қуысына оқ тиген. Ол травматология бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр деңгейде. 1994 жылы туған үшінші зардап шегуші құрсақ қуысы, көкірек қуысы, аяғы, асқазаны, аш ішегі мен тоқ ішегіне быдыралы жарақат алған. Ота жасалып, көкбауырын алып тастадық. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр, өкпесі жасанды аппаратқа қосылған», — деп түсіндірді Маңғыстау облыстық ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Айтқали Шалабаев. Дәрігердің айтуынша, олардың үшеуі де — Құрық ауылының тұрғындары.