Маңғыстауда табылған өлі қабыланға қатысты арнайы топ құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда табылған өлі қабыланға қатысты арнайы топ құрылды

Маңғыстауда табылған өлі қабыланға қатысты арнайы топ құрылды

Маңғыстауда алдыңғыазиялық барыс өлді.

  • 10 Маусым 2021
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы деп Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Өлі барысты жергілікті тұрғындар 9 маусым күні сағат 22:00-де «Манашы» мемлекеттік табиғи қорығының аумағындағы Күйкентау жерінен тапқан. Бұл туралы «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің басшылығы мәлімдеді.

«Оқиға орнына мән-жайды анықтау үшін «Қызылсай» МТП инспекторлары, Маңғыстау, Бейнеу ӨКМ қызметкерлері және мал дәрігерлерінен құрылған арнайы топ шықты.

Бұл жер Ақтаудан шамамен 300-350 шақырым қашықтықта орналасқан. Қосымша ақпарат мән-жай толық анықталған соң беріледі», — деп жазды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook-тегі парақшасында.


Алдыңғыазиялық барыс – әлемдегі барыстардың ең үлкен түрінің бірі. Бүгінгі таңда жалпы саны 870-1,3 мыңды құрайды. Қазақстанда ол тек Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында ғана кездеседі.

Алдыңғыазиялық барыстардың басым бөлігі Иранда (шамамен 550-850), Ауғанстанда (200-300), Түркіменстанда (90-100) мекендейді. Сондай-ақ Әзірбайжан, Грузия, Армения, Таулы Қарабақта да бар.

Айта кетейік, Маңғыстау барысы (алдыңғыазиялық) 2018 жылдан бастап «Үстірт» мемлекеттік табиғи қорығының аумағында бірнеше рет фототұзаққа түскен. Ал 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілді.  

Соңғы жаңалықтар