Маңғыстауда заңсыз жұмыс істеген мұнай өңдеу зауыты әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда заңсыз жұмыс істеген мұнай өңдеу зауыты әшкереленді

Маңғыстауда заңсыз жұмыс істеген мұнай өңдеу зауыты әшкереленді

Маңғыстау облысында заңсыз жұмыс істеп тұрған тұтас бір мұнай өңдеу зауыты әшкереленді. Онда жұмыс істеуге жалданған Түркия  азаматтарының да елімізде еңбек етуге рұқсаты болмай шықты.

  • 24 Қазан 2015
  • 269
Фото - Caravan.kz

Зауытта мұнайды тазартып, одан жанар-жағар май даярлайтын қондырғы бар. Құрал-жабдықтарының бәрі жап-жаңа. Соған қарап полицейлер зауыттың ашылғанына көп болмаған деп топшылап отыр. Астыртын кәсіпорында шығарылған бензин және дизель жергілікті жанармай бекеттеріне таратылған. Тәртіп сақшылары сатылымға дайындалған осындай кезекті 25 тонна дизель отынын тәркіледі. Дегенмен сапасы күмәнді мұндай өнімдердің қаншасы саудаға шығып кеткені белгісіз. Ал заңсыз кәсіпорынды ашқан 27 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны екен. 

Соңғы жаңалықтар