Зауытта мұнайды тазартып, одан жанар-жағар май даярлайтын қондырғы бар. Құрал-жабдықтарының бәрі жап-жаңа. Соған қарап полицейлер зауыттың ашылғанына көп болмаған деп топшылап отыр. Астыртын кәсіпорында шығарылған бензин және дизель жергілікті жанармай бекеттеріне таратылған. Тәртіп сақшылары сатылымға дайындалған осындай кезекті 25 тонна дизель отынын тәркіледі. Дегенмен сапасы күмәнді мұндай өнімдердің қаншасы саудаға шығып кеткені белгісіз. Ал заңсыз кәсіпорынды ашқан 27 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны екен.