Маңғыстауда жүргізуші бойжеткенді көлікпен қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда жүргізуші бойжеткенді көлікпен қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан

Маңғыстауда жүргізуші бойжеткенді көлікпен қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында көлік жүргізушісі жолдың жиегінде тұрған бойжеткенді қағып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалған.

  • 19 Қазан 2015
  • 420
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы жол-патрульдік қызметіне сілтемемен lada.kz хабарлайды.

Жол оқиғасы «Шұғыла» шағынауданындағы «Ниязбек» мейрамханасының қасында орын алған. Бойжеткенді автомобиль қаққанда, ол жолдың жиегінде тұрған.

Адамды қағып кеткен жүргізуші жәбірленушіге көмек көрсетпестен оқиға орнынан кетіп қалды.

Жол апаты салдарынан 19 жастағы жергілікті тұрғын орташа дәрежедегі жарақаттар алды. Жүргізуші екі сағаттың ішінде ұсталды. Оқиға фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы бір жол-көлік оқиғасы Мұнайлы ауданында орын алған. Онда 49 жастағы жүргізуші басқарған Ssang Yong Aktyon көлігі дөңгелегінің астында 10 жасар оқушы қалып қойды. Оқиға кезінде бала Атамекен ауылындағы «Бексұлтан» дүкенінің жанында тұрған.


Жол-көлік апаты салдарынан жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді. 

Соңғы жаңалықтар